27 сәуір 2023 | 11:51

Президент: Бізге басқалардың ақпараттық соғысы керек емес

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын өз сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезініп, араздық пен өшпенділік жетегіне "еріп" кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын өз сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезініп, араздық пен өшпенділік жетегіне "еріп" кетпеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында сөйлеген сөзінде ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылықтардың мемлекет тарапынан заң аясында қатаң түрде ауыздықталатынына сендірді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҰҚК бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, заң аясында әрекет етеді, - деп уәде берді Тоқаев.

"Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Эмоцияға берілуге, араздық пен өшпенділік жетегіне "еріп" кетуге болмайды. Бізге басқалардың ақпараттық соғысы мен идеологиялық даулары керек емес", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная