ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 наурыз 2020 10:09
Президент дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", - деді ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 229 адамға жетті.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу