Президент дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары, облыстар әкімдерімен кездесуінде дін саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол дәстүрлі Исламды дәріптеу маңызды екенін мәлімдеді.

"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл - өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама