ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2018 | 23:13
Президент ЕАЭО-да ортақ валюта енгізудің шарттарын атады
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта енгізуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта енгізуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бұл мәселе жөнінде ешқандай келіссөз болмағанын атап өтті.
"Ешкім де бұл тақырып бойынша ден салып сөйлескен жоқ, ешқандай да келіссөз жүргізіп жатқанымыз жоқ. Біреулерге Еуропадағы еуро сияқты қажет болып жатқан шығар. Бұл игілік, бірақ оған әлі талай уақыт керек. Барлық мемлекеттің экономикасын жақсарту керек, талаптар барлығына тең болуы тиіс және бұл үшін ортақ валютамен өмір сүруге барлық тараптан келісім болуы керек. Оған әлі талай уақыт бар. Тіпті Ресеймен, Қытаймен ұлттық валютада сауда жүргізу өте қиын. Бұл келешектің мәселесі. Меніңше, бұл таяуда бола қоямайды", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Қазақстанның жалпы қаржы жүйесінің жағдайын қанағаттанарлық деуге болады деп мәлімдеді.
"Проблема бар, оны шешу керек. Ең бастысы банктер өз жұмысын нашар жасап жатқанда бұдан халықтың, салымшылардың зардап шекпеуі. Сондықтан арнайы сақтандыру қоры бар. Осындай мүмкіндігіміз бар екенін байқап отырмыз. Қазақстанның әлеуетіне сеніммен қарауға болады. Алтын валюта қорымыз әжептәуір, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысынан асады. Кез келген ел мұндай көрсеткішімен мақтана алмайды. Бұл біздің түрлі қатерлерден сақтануымыз, осының арқасында жаңа технологияны, қайта өңдеуді, өндірісті дамытып жатырмыз", - деді Президент.
Показать комментарии
Читайте также