ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2023 | 11:43
Президент елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.
Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Айта кетейік, Қазақстанда 28-30 маусым аралығы - қасиетті Құрбан айт мерекесі.
Еске салайық, бұған дейін құрбандыққа шалынатын малға қатысты не білу керегін жазған болатынбыз. Материалда "Жолаушыға құрбан шалу міндетті ме? Буаз малды союға бола ма? Құрбандық шалғанда қалай ниет ету керек? Құрбандық орнына садақа беруге бола ма?" деген секілді сұрақтардың жауабын таба аласыз.
Құрбан айт 2023: құрбандықты ақшалай берсе, қабыл бола ма?
Сонымен қатар, Алматыда құрбан шалуға арналған 14 орын белгіленді. Астанада да қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды.
Құрбан айтта мұқтаж жандар құрбандыққа шалынған мал етін алу үшін онлайн түрде өтініш бере алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, құрбан шалу рәсімдерін өткізу үшін QURBAN-2023 жобасы әзірленген. Бұл онлайн және офлайн форматта іске асырылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также