08 ақпан 2022 | 13:27

Президент: Еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымдарындағы наразылықтың өсуі туралы ашық айтуға шақырып, қызметкерлердің заңды мүдделерін сақтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымдарындағы наразылықтың өсуі туралы ашық айтуға шақырып, қызметкерлердің заңды мүдделерін сақтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 2021 жылы 62 ұжымдық еңбек дауы тіркелгенін, оның ішінде 24-і үш сағаттан аса уақытқа жұмысын тоқтатқанын баяндады. Негізгі талап-жалақыны көтеру болған. 

"Бұл ҚазМұнайгаз" компаниясының еншілес ұйымдары мен сервистік қызмет көрсететін жеке мердігер компаниялар қызметкерлерінің жалақысындағы айырмашылықтарға, сондай-ақ қызметтерге арналған түрлі тарифтерге байланысты.

Одан бөлек, бірқатар компания жалақыны көтеру және әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында мекемелерді мемлекет қарамағына беру туралы талаптар қояды. Бірқатар компанияда жалақыны уақтылы төлемеу, жалақыны және әлеуметтік пакетті көтеруде проблемалар бар", - деді Ноғаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бүгінде облыс компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, еңбек дауларының мәселелері әкімдік бақылауында.

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп жатыр, оны ашық айту керек. Қызметкерлердің барлық талабын мұқият зерделеу қажет. Олардың заңды мүдделері сақталуы керек. Кәсіподақтар мен компания иелері арасында диалог құру қажет. Қабылданған шешімдерді қарапайым қызметкерлерге дұрыс түсіндіру керек.

Наразылық білдіруші азаматтардың проблемаларын шешу үшін үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры бірге жұмыс істеуі керек. Қажет болса, Маңғыстау облысына тағы да арнайы үкіметтік комиссия жіберу керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная