ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2022 | 11:31
Президент халық, тарих және ар-ұждан алдында жауап береді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жұртшылықпен кездесуінде президенттің кім екені туралы түсінігімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жұртшылықпен кездесуінде президенттің кім екені туралы түсінігімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің түсінігімде, Президент - жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды", - деді Тоқаев.
Сондықтан Президенттің айтуынша, бұл лауазым - артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік.
"Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың - халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді.
Сенім - елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым", - деп қосты Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также