Президент "Иван Зенченко" компаниясына барды

Президент "Иван Зенченко" компаниясына барды © akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың  ауданы, Рублевка ауылындағы "Иван Зенченко" ЖШС-нен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті сүтті тағамдар өндіретін ферманың толық айналымдағы жұмысымен  танысып, астық жиналып жатқан егістік алқабын аралап шықты және механизаторлармен әңгімелесті.

Жарнама
Жарнама

Нысанды аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысына өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы баяндады. 

Кәсіпорын директоры Геннадий Зенченко Мемлекет басшысына өндірілетін өнімдер мен өткізу нарығы, соның ішінде тауардың Ресейге экспортқа шығарылуы жөнінде айтты. Ол сондай-ақ компанияның ауылдық округтегі әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның жұмысын мен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама