ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2019 | 17:41
Президент жаңа Бас прокурорды қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті заң және заңнамалық нормалардың, сондай-ақ азаматтардың заңды мүддесін сақтау ісіндегі еліміздің қадағалаушы органы ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтті.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Показать комментарии
Читайте также