ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2022 | 14:20
Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес құрамына кімдер кірді?
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамын жариялады. Кеңес құрамына "Ирина Кайратовна" тобының режиссері Қуаныш Бейсеков те кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамын жариялады. Кеңес құрамына "Ирина Кайратовна" тобының режиссері Қуаныш Бейсеков те кірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеңес құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңірлер өкілдері, ауылдардағы және шығармашыл жастар, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының жетекшілері кірді.
Олардың бәрі өз саласының танымал мамандары, жастардың өзекті мәселелерін жақсы біледі, әртүрлі санаттағы жастар арасында бедел мен сенімге ие", - деп жазды Қарин Instagram-парақшасында.
Оның айтуынша, жаңа ұжым жастар саясатын жетілдіру бойынша тұжырымдамалық құжаттар мен практикалық ұсыныстарды дайындауға қатысады.
"Жақында біз кеңес мүшелерімен ZOOM-отырысын өткізіп, жақын арадағы жоспарлар мен жұмыс форматын талқыладық. Ел дамуының жаңа кезеңінде кеңес жастардың күн тәртібін жүйелі түрде насихаттаудың және қазақстандық жастар мәселесін кешенді шешу алаңына айналады деп сенемін", - деп қосты Қарин.
Кеңестің жаңа құрамына режиссер Қуаныш Бейсеков ("Ирина Қайратовна"), актер Асылхан Төлепов ("Жаужүрек мың бала", "Балалық шағымның аспаны"), Ozen музыкалық платформасының негізін қалаушы Айзат Құсайынов, OYLA ғылыми-көпшілік журналының бас редакторлары Мария Валяева, Ұлттық еріктілер желісінің директоры Татьяна Миронюк және т.б. кірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также