27 қыркүйек 2022 12:58

Президент жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін бірнеше қазақстандықты марапаттады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірнеше қазақстандықты наградтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірнеше қазақстандықты наградтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығы бойынша аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • I дәрежелі "Барыс" орденімен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;
  • IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;
  • "Парасат" орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;
  • "Парасат" орденімен Мәдениет және спорт министрлігі "Қазқайтажаңарту" РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;
  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;
  • "Шапағат" медалімен "Қызыл-Әскер" жалпы орта мектебі" КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.
Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram