02 қыркүйек 2019 | 10:45

Президент Жолдауын қашан және қайдан көруге болады?

© akorda.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Президент Жолдауын қашан және қайдан көруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Президент Жолдауын қашан және қайдан көруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

"Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылады деп ойлаймын. Президент бұған дейін де, құжатта еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін".

"Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көруге болады", - деп түйіндеді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная