Президент қалаларда автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге автобус жолақтарын демалыс күндері де пайдалану мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қала ішінде көлік ағындарын сауатты құру жеке мәселе. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдерге арнайы бөлінген автобус жолақтарын демалыс күндері де пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын", - деді Президент Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Ол мұндай тәжірибе Мәскеу, Ыстамбұл және Парижде жиі қолданылатынын айтты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Президент жолдардың сапасын анықтап, шенеуніктерді жазалауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жол құрылысы саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды күшейту бойынша кешенді шара қабылдау керегін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама