16 қараша 2022 | 11:25

Президент қаңтар оқиғасы кезінде жағдайды пайдаланғандар туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына дейін жағдайды дүр сілкіндірген адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына дейін жағдайды дүр сілкіндірген адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтар оқиғасына дейін елдегі жағдайды мақсатты түрде пайдаланғандар болды. Олар әртүрлі жолмен наразылық рухын қоздырып, қоғамымызды жікке бөлу мақсатын көздеді. Сондықтан олардың көпшілігі қаңтардағы қайғылы оқиғаға жанама түрде кінәлі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда халықпен кездесуде.

Президенттің айтуынша, олар жағдайдың шиеленісіп, бейберекеттің күшейіп бара жатқанын пайдаланып, халықты көшеге, алаңға шығуға шақырып, жағдайды одан ары ушықтырған.

Реклама
Реклама

"Бірақ қиын сәтте олар үйлеріне тығылды. Оқиғаның ең қызған шағында көрінбеді де, естілмеді. Осы уақытта мыңдаған, мүмкін он мыңдаған жауапты азаматтар қоғамдық тәртіпті орнатып, түрлі нысандарды күзетіп, тонаушыларға тойтарыс берді", - деп қосты.

Мемлекет басшысы еріктілер әскерилер мен полицейлерді ыстық тамақпен қамтамасыз еткенін айтты. Тоқаевтың айтуынша, олар "кеуделерін соқпайтын, бірдеңені дәлелдеуге тырыспайтын, ерекше назар аударуды қажет етпейтін" нағыз батырлар.

"Арандатушылар өздерін тек қаһарман ретінде көрсеткісі келді, алайда жағдай қалпына келгенде, әділдік пен жерлестерінің амандығын ойлағандай болып, қайтадан алаңдар мен көшелерге шықты. Менің ойымша, бұл - екіжүзділік. Өкінішке орай, қазір де олар осы қауіпті ойынды басқаруға тырысып жатыр. Олар үшін бұл жай ғана әлеуметтік желілердегі ойдан шығарылған танымалдылықты және жасырын демеушілердің назарын аударуды ойлайтын ойын. Бұдан қарапайым азаматтар мен мемлекет зардап шегеді", - деді Тоқаев.

"Сайлау алдында мұндай сөздерді айту әдетке жатпайтынын жақсы білемін. Бірақ біздің халық қашаннан бидай мен саманды ажырата білген. Сондықтан да мен сенімдімін. Қазақстанда мұндай адамдардың саяси болашағы жоқ және болмайды, бірақ олардың еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын түрлі деструктивті күштердің қолындағы құралға айналуын жоққа шығаруға болмайды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық жауапты қоғамдық және саяси күштердің сындарлы диалогының арқасында қазақстандықтар бұған жол бермейтініне сенімді.

"Қуатты және дамыған ел құру жөніндегі барлық стратегиялық мақсаттарымыздың орындалатынына сенімдімін. Біз бірге барлық қиындықтарды жеңіп, алға қойылған барлық міндеттерді шешетінімізге сенімдімін", - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная