20 қазан 2022 10:29

Президент қантқа қатысты тапсырма берді: Тек қазақстандық фермерлерді қолдауға

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда болған қант тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда болған қант тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздегі 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. Оның біреуі – Ақсу қант зауыты жұмыс істемей тұр. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап облыстық бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды. Алайда, серіктес инвестор тарапынан серпінді жұмыс байқалмай отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Президент биыл жазда елімізде қант бірден қымбаттап, тіпті тапшылық туындағанын айтты. Оның бәрі құзырлы органдардың салғырттығының кесірінен болды. Тіпті тиісті кадрлық шешімдер қабылдауымызға тура келді, деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

"Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді. Оған 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция салу көзделіп отыр. Алдағы бес жылда өзіміз өндіретін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өседі.

Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы қант тапшылығы мәселесі өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті. Жәрдем шаралары тек қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған.

Жалпы, біз отандық агросекторды қолдау жұмыстарын одан әрі жалғастыра береміз. Соның арқасында Жетісу өңірі еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram