14 шілде 2022 | 12:17

Президент кәсіпкерлерге қатысты тапсырма берді

Фото:elements.envato.com

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты шектен шығу мен теріс әрекеттерді болдырмауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты шектен шығу мен теріс әрекеттерді болдырмауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз жолмен алынған мүлікті қайтаруға қарсы жұмыс басталғанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті комиссиялар құрылғанын, олардың қызметі соңғы уақытта айтарлықтай төмендегенін айтты.

Реклама
Реклама

"Тауар нарығын монополиясыздандыруға және капиталды қайтаруға бағытталған шараларды неғұрлым жедел қабылдаған жөн. Сонымен қатар, адал бизнеске қатысты шектен шығу мен теріс әрекеттерді болдырмау қажет. Ал мұндай деректер бізде бар – жергілікті жерде кәсіпкерлерге қысым көрсету жалғасып жатыр. Егер осылай жалғаса берсе, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қолданатын боламыз", - деді ел Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная