12 қазан 2022 | 12:25

Президент Қатар әмірін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәниді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәниді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәниге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Алтын Қыран" орденін табыс етті.

Орден табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің халық алдындағы абырой-беделін, ел басқару ісіндегі даналығы мен ерекше тұлғалық қасиеттерін, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Дохада өткен кездесуде шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнимен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная