Президент Қазақстан жастарының тарихи миссиясын атап өтті

Қазақстан жастары Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Былтыр республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды, шамамен 4 миллионға жуық тал егілді.

"Игі бастамаға 800 мыңға жуық волонтер қатысты. Қазір әлемде қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруіне байланысты көптеген сын-қатер пайда болды. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Халықаралық қауымдастық табиғатты қорғау мәселесіне баса мән беріп отыр. Қазақстан да осы бағытта нақты бастамалар көтеріп келеді. Кеше Астанада Біріккен Ұлттар ұйымының аясында ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммит аяқталды. Осы ауқымды форум шеңберінде эковолонтерлікке, ресурстарды үнемдеу мәселелеріне арналған маңызды іс-шаралар өтті. Бұған дейін де айтқанымдай, әлемде ешқандай ел экология мәселесін жалғыз өзі шеше алмайды. Бұл аса күрделі, жауапты жұмыс, сондықтан осы бағытта дипломатиялық күш-жігерді, ғылымды, бизнесті, қоғамды, волонтерлерді, бір сөзбен айтқанда, мақсаткер жастарды жұмылдыру қажет. Өйткені патриот жастар әрдайым өзгерістердің көш басында жүреді. Сіздердің тарихи миссияларыңыз – елімізді жоғары технологиялар мен өнер, ғылым және гуманистік құндылықтар салаларында мейлінше дамыған мемлекеттер қатарына қосу", – деді Мемлекет басшысы.

Жарнама
Жарнама

Президенттің айтуынша, Қазақстан оң бағытта өзгеріп жатыр және мұны бұрын елімізге бүйрегі бұра қоймаған адамдардың өзі байқап отыр.

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті

"Қалаларымыз бен ауылдарымыз тазарып, топырақтың, судың, ауаның ластануы азая түсті. Ірі кәсіпорындарда зиянды шығарындыларды төмендету бағытында жұмыс атқарылып, үздік экологиялық тәжірибелер енгізілуде, қатты қалдықтарды қайта өңдеу ісінде алға ілгерілеу бар. Алайда кемшіліктер де аз емес, алда жұмыс көп. Ең бастысы, экономика ғана емес, азаматтарымыздың тұрмыс салты мен ой-санасы да өзгеруде. Жаңа Конституциямызда жасампаз патриотизм, бірлік, ынтымақ, табиғатты аялау қағидаттары тіршіліктің негізгі іргетасы ретінде бекітілді. Бұған белгілі дәрежеде "Таза Қазақстан" жобасының, яғни, ел жастарының әсері болғаны рас. Мен өздеріңізді мақтан тұтамын. Сіздерге алғысым шексіз. Екі жылда аталған прогрессивті бастама жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Жоба тың мазмұнмен толығып, шын мәнінде, Әділетті Қазақстан идеясының өзегіне айналып келеді. "Таза Қазақстан" қағидаты, "Заң және тәртіп", "Адал азамат" тұжырымдамалары тұтас құндылықтар жүйесін құрап, мемлекеттік басқару мен қоғамның ажырамас бөлшегі болуға тиіс. Мұны жан-жақты ілгерілету үшін беделі биік белгілі азаматтарды тартқан дұрыс. Жаңа идеологияның басты дәріптеушісі – жастар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысып, өз істерімен Отанымыздың өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады.

Ақорданың баспасөз қызметінің суреті

Бұған дейін Президент Қазақстан оқушылары үшін "жасыл сабақ" өтетінін жариялаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталуға тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дәл осы білім беру жүйесі арқылы балалардың бойында ерте жастан табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру қажет.

Тағы оқыңыз: Тазалық ұғымы зор құндылыққа айналып жатыр - Тоқаев

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама