20 қазан 2022 | 11:04

Президент Қазақстанның одан әрі ілгерілеуінің басты шартын атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде еліміздің одан әрі өркендеуінің басты шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде еліміздің одан әрі өркендеуінің басты шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құтты Жетісу жері ежелден түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан жері болған. Ал бүгінде Жетісу өңірі мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған "Әртүрліліктегі бірлік" атты іргелі қағидатымызды іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Бұл – біздің баға жетпес байлығымыз және стратегиялық артықшылығымыз", - деді Мемлекет басшысы Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында.

Ол бүгінде әлем жоғары геосаяси турбуленттілік пен бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қақтығыстар мен соғыстар көбейіп, елдер арасындағы сенімсіздік күрт артып барады. Осындай қиын жағдайда халқымыздың бірлігі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудың маңызы ерекше. Бұл еліміздің одан әрі ілгерілеуінің басты шарты, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтау, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деп Мемлекет басшысы пікірін білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная