ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2023 | 16:11
Президент Қазақстанның ірі өндіруші компанияларына үндеу жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технология жөніндегі бірінші Ұлттық кеңестің отырысында Қазақстанның ірі өндіруші компанияларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технология жөніндегі бірінші Ұлттық кеңестің отырысында Қазақстанның ірі өндіруші компанияларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін мақсатты капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасын әзірлеген жөн. Ғылымды қаржыландыру көздерін көбейтуге, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріске жұмсайтын қаржысының 1 пайызын ҒЗТКЖ-ға міндетті инвестиция ретінде құюына айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте өндіруші компаниялардың аталған шығындарын орталықтандыруды жалғастыру керек.
Бұл орайда аталған қаражат тағы бір салық түрі ретінде қабылданбауға тиіс. Бұл – өте маңызды. Осы орайда жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландыратын зерттеулерді ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарымен үйлестіру үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Олардың ҒЗТКЖ жүргізу тәртібін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ашық, бәсекелі әрі қолжетімді ету керек. Барлық процесс мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткізіліп, ғылыми-техникалық кеңестерде қаралуға тиіс", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также