24 ақпан 2022 | 20:37

Президент "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© akorda.kz

Президент "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудың және цифрлық теңсіздікті одан ары төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. "Цифрлық серіктес" бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ, ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар  жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная