26 желтоқсан 2020 | 18:06

Президент көмекшісі коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырды

© elements.envato.com

Президент көмекшісіне сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент көмекшісіне сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 25 желтоқсанда Президент көмекшісі Ерлан Каринге қазақстандық вакцина егілгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинаға клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

"244 қазақстандық қатысқан клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері көрсеткендей, вакцина қауіпсіз, антиденелер қалыптастырады, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайды. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная