10 қыркүйек 2020 | 16:29

Президент Қостанай облысының шаруаларымен кездесті

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы" ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы" ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 миллион гектары немесе 76 пайыз жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100 комбайн жұмылдырылған, жуық арада дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, ауылшаруашылығы техникасын құрастыру жобалары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде аграрлық саланың табысты дамуы, жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

"Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы болатынына деп сенемін. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салдарынан болған сынаққа төзе алды. Биыл өнім жақсы екені көрініп тұр", - деді Мемлекет басшысы.

Диханшылар Президентке ауылдарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен игі бастамалар, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің біртіндеп шешімін тауып жатқаны туралы айтты.

"Осы жылдың ішінде ауылшаруашылығында да, индустрияда да едәуір жетістіктерге жетуіміз керек. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу аса маңызды. Тұрғындардың әрқайсысы бізден нақты мәселелердің шешімін күтуде. Менің тапсырмама сәйкес Үкімет қазіргі уақытта осы мәселелермен айналысуда. Үкімет Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар қабылдады. Табысты болады деп есептеймін, бірақ бірлесіп жұмыс атқару керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде шаруалар өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және экспорттау мәселелерін көтерді.

"Өнімді өндіру үлкен мәселенің бірі әрі негізгісі болса, енді оны нарыққа шығару да маңызды. Үкімет осы мәселелермен айналысуы тиіс. Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында нақты мәселелерді шешумен айналысып жатырмыз. Қараша айында Президенттердің басшылығымен шекаралас өңірлердің басшыларының аймақтық кездесуі өтеді. Пандемияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамыту бойынша біздің бағытымыз өз күшінде", - деді Президент.

Коронавирус індеті салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды. Президент еліміздің азық-түлік қорын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар үшін ауыл жұмысшыларына ризашылығын білдіріп, жиын-терім науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім алуларына тілектестік білдірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная