25 ақпан 2021 | 13:15

Президент ІІМ-ге бейнебақылау жүйесі бойынша тапсырма берді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары қызметіндегі бейнебақылау тұжырымдамасын қайта қарауды тапсырды. Мемлекет басшысы қолданыстағы бейнебақылау жүйесі пенитенциарлық мекемелерде болып жатқан оқиғаларға толық талдау жасай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары қызметіндегі бейнебақылау тұжырымдамасын қайта қарауды тапсырды. Мемлекет басшысы қолданыстағы бейнебақылау жүйесі пенитенциарлық мекемелерде болып жатқан оқиғаларға толық талдау жасай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ендігі маңызды мәселе - пенитенциарлық мекемелерде және полиция бөлімшелерінде адам құқықтарын қамтамасыз ету. Тәжірибеге сүйенсек, қолданыстағы бейнебақылау жүйесі осы мекемелерде болып жатқан оқиғалар мониторингін толық қамтамасыз етпейді.

Ғимараттағы көптеген орын бейнебақылауда көрінбейді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі бейнебақылау тұжырымдамасын қайта қарау қажет", - деп тапсырды Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Ол Жолдауында камерада көрінбейтін учаскелерді қамтитын бейнебақылау жүйесін енгізуді тапсырғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Енді осы мақсатты орындау үшін ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен және құқыққорғаушылармен бірлесіп нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуі қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная