ПОДЕЛИТЬСЯ
17 маусым 2019 | 21:08
Президент Маминге тапсырма берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Қазақстан Президенті премьер-министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.
"Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Показать комментарии
Читайте также