ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2019 | 18:00
Президент Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасымен сөйлесті
Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, тергеу шараларының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, тергеу шараларының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті Президент мырза, менің қайғыма назар аударғаныңыз үшін рақметімді айтамын. Мені қабылдағаныңыз үшін, осы істі тексеріп, байыбын анықтауды тапсырғаныңыз үшін және адамгершілігіңіз бен сезімталдығыңыз үшін алғыс білдіремін. Осы істе ер амам ретінде сөзіңізде тұрғаныңыз үшін. Президент әкімшілігінің үйлесімді жұмысы үшін", - деп жазды Жанна Ахметова Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, қызының ісі бойынша куәгерлер, заттай айғақтар мен камералар жоғалған, қажетті сараптамалар әлі күнге дейін жүргізілмеген.
Президенттің араласуының арқасында қазіргі уақытта осы іске арнайы статус пен импульс берілген, ол Ресейдің Тергеу комитетінің басты тергеу басқармасына жіберілген. Біздің ұсыныстар мен ескертулер нәтижесінде іс объективті қаралатын болады", - дейді Томирис Байсафаның анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пост благодарности Президенту Республики Казахстан Токаеву Касым-Жомарту Кемелевичу @tokayev_online . Спасибо уважаемый господин Президент за внимание к моей беде! За то что приняли меня, за ваше поручение изучить, рассмотреть, вникнуть, разобраться, за чуткость и человечность. И за данное мужское слово. За слаженную работу Администрации Президента РК. . . Теперь по порядку. Как идёт следствие. Я пишу во все инстанции, о том что до сих пор не готовы все необходимые экспертизы, исчезают свидетели, видео с камер, четвертый следователь тихо ждёт чего то, меняются показания, исчезают улики... Благодаря вмешательству Президента РК Токаева К.К. в настоящее время делу придан особый статус и импульс, оно передано в главное следственное управление Следственного комитета России, создана следственная группа, назначен новый Следователь. Дело будет объективно рассмотрено, с учетом всех наших замечаний и предложений. Это ответ на вопрос как идёт следствие. #мгимо#администрацияпрезидентареспубликиказахстан#казахстан#нурсултан#токаев#томирисбайсафа#жаннаахметова#москва
Публикация от Жанна Ахметова (@_ahmetova_zhanna_) 27 Окт 2019 в 1:35 PDT
Осыған дейін, қайтыс болған қыздың ата-анасы Дархан Қожабергенов пен Жанна Ахметова істің объективті әрі әділ қаралуын талап еткен еді. Олар тергеу нәтижесімен келіспейді. Олардың айтуынша, Томирис Байсафа суицид жасаған.
Айта кетейік, 2018 жылы 13 сәуірде МГИМО-ның халықаралық экономикалық қатынастары кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде белгісіз жағдайда төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қыз бала көптеген жарақаттар алған. 3 мамырда ол ауруханада қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также