ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 | 11:45
Президент: Михаил Дорофеевтің өлімі туралы хабарды ауыр қабылдадым
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қазақстандық журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің отбасына тағы да көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қазақстандық журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің отбасына тағы да көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Басқалар сияқты мен де кеңес бойынша әріптесіміз Михаил Дорофеевтің өлімі туралы қайғылы хабарды ауыр қабылдадым. Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза, ол қазақстандық журналистиканың қалыптасуына және елдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілетін арттыруға елеулі үлес қосты. Оның туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.
Еске салайық, қазақстандық белгілі журналист, Informburo.kz ақпарат-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 49 жасында қайтыс болды.
Михаил Дорофеевтің Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы тәжірибесі мол. Атырау облысының жергілікті басылымдарында, одан кейін республикалық БАҚ-та - КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде жұмыс істеген. Республикалық телеарналарда менеджерлік қызметтер атқарған, оның ішінде "Астана қаласының телевизиясы" ЖШС бас директоры және "Телекомпания "Эра" ЖШС бас продюсері болған.
Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болған. Ол Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также