ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 18:25
Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне тапсырма берді
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды.
Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді баспанамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында күшейтілген кері байланыс туралы айтылды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Мысалы, 2020 жылы – 7 мың, 2019 жылы – 2900, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілген. Сонымен қатар, биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп ғимараты пайдалануға берілген.
Мемлекет басшысына қаладағы аяқталған үлестік құрылыстарды газбен қамту, қала шетіндегі елді мекендерді дамыту, цифрландыру, абаттандыру жұмыстарының қорытындысы туралы айтылды.
Алтай Көлгінов қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары мен екпе алу бойынша есеп берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке елорданы одан әрі дамытуға, соның ішінде газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также