ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 12:40
Президент Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.
"Бай, қуатты болайық!" Нұртілеу Иманғалиұлын замандастары қалай бағалаған?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также