ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2022 | 12:38
Президент органдар мен сот шешімдеріне қатысты шағымдар туралы айтты
Мемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуінде құқық қорғау органдарына және сот шешімдеріне қатысты арыз-шағымдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуінде құқық қорғау органдарына және сот шешімдеріне қатысты арыз-шағымдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Маған, ел Президентіне, әділдік - ең жоғары құндылық. Сондықтан менің әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың өтініштерін қараумен айналысатын арнайы бөлім жұмыс істейді. Мен бұл жұмысты бақылауда ұстаймын.
Биылғы небәрі тоғыз айда менің атыма 41 мың өтініш түссе, әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметі мен сот шешімдеріне қатысты. Бұл құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также