Президент орта мектептерде қай пәндер күшейтілуі керегін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары сыныптарда қай пәндер күшейтілуі керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары сыныптарда қай пәндер күшейтілуі керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдап, мұғалімдердің құзыреттілік шеңберін әзірлеу қажет. Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызды", - деді ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқаратынына сенімді екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Кейінгі жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, бұл бағытта әлі де оң өзгерістер қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная