27 сәуір 2022 12:00

"Президент өз билігін бөліп береді". Суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту не білдіреді?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/bort_01 Фото:t.me/bort_01

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан кетіп, төрағалығын тоқтатты. Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартты. Бұл нені білдіреді? Tengrinews.kz тілшісіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов жауап берді. 


Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан кетіп, төрағалығын тоқтатты. Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартты. Бұл нені білдіреді? Tengrinews.kz тілшісіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов жауап берді. 

Профессордың сөзінше, кеше Қазақстанда саяси реформаның ізі көрінді.

"Президенттің конституциялық міндеті – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Тоқаев наурыздағы Жолдауында ел Президенті өз өкілетін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек деген норманы Конституцияға бекітуді ұсынды. Кеше Мемлекет басшысы Amanat партиясынан кетіп, саяси реформа жасады", - дейді ол.

Ермек Абдрасулов Президент партиядан кеткен соң, қандай өзгерістер болатынын жеткізді.

"Парламенттегі депутаттардың басым бөлігі Amanat партиясынан сайланды, ал ол партияны басқарған Президент Тоқаевтың өзі болды. Демек, бұған дейін депутаттар Мемлекет басшысына тәуелді болып келді. Енді Президент партиядан кетіп, депутаттар тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік алды. Парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктері күшейді. Бұл жағдай өз кезегінде жаңа партиялардың пайда болуына әкеледі", - деді заң ғылымдарының докторы. 

Оның сөзінше, Президент суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартып отыр. 

"Суперпрезиденттік басқарудың артында не жатыр? Енді Президент өз өкілетінің басым бөлігін басқа билік институттарына бөліп береді. Оның ішінде Үкімет, Парламент және жергілікті билік органдары бар. Тағы бір мысал келтірейін, қазір Президент елдегі кез келген жоғары лауазымды тұлғаларды өзі тағайындай алады, ал суперпрезиденттік басқару формасының күші жойылса, бұл жағдай өзгереді. Яғни, Президенттің билігі шектеледі. Бұл қадам Қазақстанның ішкі саясатының жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей әсер етеді", - дейді Абдрасулов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети