ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 маусым 2026 15:15
Президент “өз еліне енжар қараудың“ ауыр салдары туралы ескертті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан заманда өз еліне енжар қарау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтемсе жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан заманда өз еліне енжар қарау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтемсе жасап.
"Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдырсақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді", - деді Президент "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында.
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызмет те осы санатта екенін айтты. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс.
"Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін", – деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, "Айбын-2026" бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік, шығармашылық және әскери-қолданбалы жарыстар енді. Биылғы додаға Қазақстанның бірнеше өңірінен, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 50-ден аса команда қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу