Президент Пан Ги Мунмен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Институтқа еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Реклама
Реклама

Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын, жаһандағы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама