ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сәуір 2021 | 18:59
Президент полицейлерге берілетін төлемдер туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құтқару қызметінің жұмысын оңтайландырып, қызмет кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыына жеңілдіктер арттыратын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлеріне жалға алған тұрғын үйі үшін өтемақы төленеді. Бұрын мүлікті сатып алуға мүмкіндік жоқ еді. Жаңа заң бұл қаражатты жалдау ақысын төлеуге де, ипотекалық бағдарламалар аясында тұрғын үй сатып алуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, полицей қызмет кезінде қайтыс болған жағдайда оның отбасы ипотека шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін осы төлемдерді ала береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также