24 шілде 2022 16:02

Президент Сауд Арабиясы Мемлекеттік инвестициялық қорының басшысымен кездесті

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын (PIF) басқарушы Ясир Әл-Румайянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын (PIF) басқарушы Ясир Әл-Румайянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына әлемдегі ең ірі дербес әл-ауқат қорының бірі – Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының қызметі жөнінде ақпарат берілді. Қор басшысы Ясир Әл-Румайян экономиканың әртүрлі салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әртүрлі салалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтіп, өзара ортақ мүддені көздейтін жобаларды жүзеге асыру үшін Саудия Арабиясы инвестициялық қоры мен "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҰБХ "Бәйтерек" компаниялары арасындағы тығыз ықпалдастықты жолға қоюды ұсынды.

Қор Саудияның басқа да компаниялары сияқты мұнай-химия өнеркәсібіндегі, жасыл энергетиканы дамыту саласындағы, металлургия және тау-кен секторларындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын терең өңдеу жөніндегі ірі инвестициялық жобаларға қатысуға шақырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram