04 қазан 2022 | 15:12

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжат тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:mssi.kz

Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 қазанда ОСК-ға Қажыкен Мейрам Зекешұлын "Аманат "Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар одағының Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы құжаттар ұсынылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 28 қыркүйекте "Аманат "Қазақстан кәсіподақтар достастығы" орталық атқару комитеті отырысы өтті. Сол кезде Мейрам Қажыкен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылған.

Реклама
Реклама

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, әлеуметтік-экономикалық жүйені, бейімделген экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі тұжырымдамасы жөніндегі кітаптардың авторы. Мейрам Қажыкен Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың көшбасшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная