13 қазан 2022 | 12:18

Президент сайлауы: ОСК үш үміткер талапқа сай емес екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер Хайрулла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақованы талапқа сай емес деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер Хайрулла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақованы талапқа сай емес деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кандидаттар Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген талаптарына сай келмейтінін айтты.

Талғат Ерғалиевті президенттікке кандидат ретінде "Қазақстан Құрылысшылар одағы" заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі ұсынған болатын.

Реклама
Реклама

ОСК мүшесі Ерғалиевтің мемлекеттік қызмет өтілі 3 жыл 4 ай екенін, заң бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, "Қазақстан құрылысшылар одағы" "Сайлау туралы" конституциялық заңның 55-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келмейтінін ескертті.

"Құрылысшылар одағы заңды тұлғалардың бірлестігі. Ал сайлауға республикалық қоғамдық бірлестік қана ұсынуға құқылы", - деп түсіндірді Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және заңгерлік қызмет департаментінің директоры Алан Тіленчиев.

Хайрулла Ғабжалиловті "Асар» оралмандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

ОСК талабы бойынша президенттікке кандидат Қазақстан азаматы болуы керек, ал Ғабжалилов қандас, ол Қарақалпақстанда туған.

Фатима Бизақова "Практикалық психология" республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

ОСК мәліметінше, Бизақованың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная