28 желтоқсан 2018 | 23:23

Президент сайлауын өткізу мерзімі туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде Президент сайлауын өткізу мерзімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуінде Президент сайлауын өткізу мерзімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2021 жылы Парламент сайлауы өтетінін атап өтті. "Парламент бойынша ешқандай мәселе жоқ. Олар заңнама бойынша өз рөлін орындап жатыр. Парламент мерзімі - 2021 жылға дейін, осы мерзімде сайланады. Президент сайлауы - 2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар, не талқылап отырмыз. Іс түскенде әңгімелесеміз", - деді Президент. 

Реклама
Реклама

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная