30 қыркүйек 2022 | 11:47

Президент Семейде бірқатар тапсырма берді: Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Абай өңіріне жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай өңіріне жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті.

Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі жолдардың сапасына да назар аударды.

Реклама
Реклама

"Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек.

Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. Өңірде "құрғақ порт", "логистикалық парк" салып, көлік дәлізін дамыту қажет.

Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын".

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі екенін баса айтты.

"Қазір елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп және 14 балабақша салу жоспарланған. Бірақ, мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная