26 шілде 2022 | 14:11

Президент сөгіс жариялаған министрлер айтылған сынға қатысты пікір білдірді

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото tengrinews.kz

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сұрақтар әділ қойылды. Өте дұрыс сын айтылды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қызметіміздің тиімділігін арттыру бойынша міндет қойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен іс-шаралар әзірледік, сіздердің алдарыңызда да, Мемлекет басшысының алдында да баяндаймыз", - деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те осындай пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысы жариялаған сөгісі әділ болды. Жұмысымызда кемшіліктер болғанын білеміз. Өз баяндамамда қант нарығында объектив және субъектив факторлар болғанын көрсеттім. Қазір оны түзету әрі жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық қажет шараны қолданып жатырмыз", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная