21 қыркүйек 2022 | 14:57

Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізді - Руслан Желдібай

Дина Шарипханова Корреспондент
Facebook/Ruslan Zheldibay

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының аралық қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының аралық қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды. Оның айтуынша, Президенттің АҚШ-қа жасаған сапарының екінші күні аяқталған.

"Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен, Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Питер Маурермен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Иордания Королі ІІ Абдалламен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті. Жалпы, Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты", - деп жазды Желдібай.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді. Президент өз сөзінде бұрыннан қалыптасқан әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалпына келтірудің, территориялық тұтастықты сақтаудың, елдердің егемендігін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті", - деді Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке де қатысып, сөз сөйлеген.

"Президент әлемдік нарықтағы Қазақстанның рөлін аттыруға бағытталған бірнеше ұсыныс айтты. Ол еліміздің астық және басқа азық-түлік түрлерін тұрақты жеткізуіне, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты болды", - деді ол.

Жалпы, биылғы шетелдік сапарларда Президент ең жиі көтерген мәселенің бірі - көлік-логистика мәселесі болған. Яғни, бүгінгі күрделі геосаяси жағдайға қарамай отандық тауарларды әлемдік нарыққа шағыраудың жаңа жолдары үнемі қарастырылып жатыр. Себебі бұл ел экономикасына тікелей ықпал ететін маңызды фактор, деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная