Президент Тоқаев Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Президент Тоқаев Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өртсөндірушілерді "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
  • Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
Жарнама
Жарнама

"Ерлігі үшін" медалімен:

  • Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев 7 қыркүйекте Абай ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама