01 ақпан 2022 | 16:20

Президент Тоқаев Алматыда камералар санын көбейтуді тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда "Сергек" камераларының санын көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда "Сергек" камераларының санын көбейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте "Сергектің" жолдарда көлік жүргізу тәртібін нығайтып, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін түзетудегі адами факторды жойғанын атап өтті.

"Көптеген ірі қалаларға орнатқан бұл камералар өте жақсы рөл атқарып жатыр. Олардың санын көбейту керек. Мен Алматыда көбейту бойынша тапсырма бердім, себебі соңғы оқиғалар кезінде қарақшылар 500-ден астам камераны жарамсыз еткен. Камераларды қалпына келтіріп қана қоймай, олардың санын көбейту керек. Әңгіме біздің азаматтардың іс-әрекетіне қандай да бір жалпы мониторинг немесе бақылау орнатуда емес. Бұл олардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная