30 желтоқсан 2021 19:45

Президент Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларды қорғау, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу, сондай-ақ сауда қызметі туралы бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларды қорғау, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу, сондай-ақ сауда қызметі туралы бірнеше заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".
Реклама
Реклама

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жануарларды күтіп-бағуға қойылатын талаптарды, жануарларды ұстау саласындағы мемлекеттік органдар құзыретін, қараусыз және қаңғыбас жануарларды емдеуге қойылатын талаптарды, оларды аулау мен өлтіру нормаларын және т.б. жануарларды ұстау және оларды сақтауды күшейту мәселелерін айқындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды