ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2023 | 17:10
Президент Тоқаев елдің ата-аналар қауымы туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ата-аналар қауымына сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ата-аналар қауымына сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Астанада өтіп жатқан "Ұрпақтар сабақтастығы" республикалық форумына қатысушыларға арнаған сөзін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева оқыды.
"Мықты және бақытты отбасы – келісімді қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі.
Ең жақын адамдарының үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында адам мен азаматтың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілік, инабаттылық пен үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты қасиеттер тәрбиеленеді.
Жақын ортада адамның биік адамгершілік ұстанымдары мен гуманистік мұраттарға негізделген дүниетанымының негізі қаланады", - делінген алғы сөзде.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өз тамырын білу, отбасылық дәстүрді құрметтеу халқымыздың өзіндік санасында әр уақытта ерекше орын алған. Ал бүгінде олар ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
"Мемлекет пен қоғамның міндеті – отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуы үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Ана мен баланы қорғау және қолдау біздің саясатымыздың негізгі басымдылықтарының бірі саналады.
Отбасы құндылықтарын сақтауға және насихаттауға ата-аналар қауымы орасан зор үлес қосып жатыр. Сіз әрбір баланың тағдыры мен Отанымыздың болашағына шынайы көзқарасыңызбен ерекшеленесіз. Сіздерге және барлық жерлестерге денсаулық, амандық және шығармашылық жұмыстарыңызға табыс тілеймін!", - деп түйіндеді сөзін Аида Балаева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также