Президент Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алады және мереке күндеріне қандай жоспарлары бар? ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сауалына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алады және мереке күндеріне қандай жоспарлары бар? ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сауалына жауап берді.

"Президенттің Жаңа жылға қандай жоспары бар? Мемлекет басшысы аталған мейрамды әдетте қалай қарсы алады? Қаңтар айының алғашқы күндері демалысқа немесе сапарға шығуды ойластырып отырған жоқ па?" – деп Мемлекет басшысының баспасөз хатшысынан сұрап көрдік.

"Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ.

Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды", - деп жауап берді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама