19 қаңтар 2022 | 17:40

Президент Тоқаев жаңа қорғаныс министрін таныстырды

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің кадрлық әскери қызметкер екенін, арнайы білімді Алматы Жоғары жалпыәскери командалық училищесінде оқығанын, кейін М.В. Фрунзе атындағы академияда және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында білімін жалғастырғанын атап өтті.

"Оның тәжірибесі мол. Ішкі әскерде 30 жылдан астам қызмет етті. Ол қатардағы жауынгерден бастап, әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына дейінгі әскери жолдан өтті", – деді Президент.

Сонымен қатар Президент Қазақстандағы бітімгерлік миссиясын аяқтаған ҰҚШҰ контингентінің жұмысына оң баға берді.

"ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері Қазақстанға қысқа мерзімге ғана келіп, қорғау қызметін атқарды. Ұжымдық контингент өздерінің тиімділігін және әлеуетін көрсетті", – деді Мемлекет басшысы.

Президент геосаяси жағдайды және аймақтық деңгейдегі өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі арттыруды талап етті. Ол үшін бірқатар міндетті орындау қажет.

Жоғарғы Бас қолбасшының пікірінше, ең алдымен, ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіп-қатерлер туралы уақтылы әрі нақты ақпараттармен қамтамасыз етуге тиісті әскери барлау қызметін күшейту керек.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылатын Арнаулы операциялар жөніндегі күштердің Басшылығына маңызды миссия жүктеледі. Сондай-ақ оларға қысқа мерзім ішінде басқа күштік құрылымдармен бірлесіп, барлық ұйымдастыру шараларын қабылдап, арнаулы операцияларды орындауға дайындалу міндеті жүктеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев қару-жарақ сақтайтын нысандарда төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу қажеттігін еске салды. Осыған байланысты Президент қару-жарақтардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдалануға жарамсыз және әрі қарай сақтауға қауіпті қару-жарақтарды жою шараларын жүзеге асыруды жалғастыру керек екенін айтты.

Бұдан кейін Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде ант қабылдады.

Жиын соңында Президент жаңа министрге және Қорғаныс министрлігінің ұжымына сәттілік тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная