03 қаңтар 2022 08:50

Президент Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деп жазды Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.

"Кеше, 1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен тұрғындарын газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету туралы үндеуге қосылуға шақырамын", - деп жазды Facebook-те митингке қатысушылардың бірі Серік Бақтыбайұлы.

Маңғыстау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қызметкері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Сағат 11.00-де Жаңаөзендегі АХАЖ ғимараты маңында газ бағасын төмендету мәселесі бойынша автокөлік иелері жиналды. Қала әкімі міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құқық қорғау органдары өкілдері оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға газ бойынша істің мән-жайы және "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы" заң түсіндірілді. Оларға бұл іс-әрекеттері заңсыз екені, өйткені әкімдікке митинг өткізілгенге дейін 5 күн бұрын хабарлау қажет екені айтылды", - деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Қала әкімдігі өкілдері жиналғандарға өз талаптарын жазбаша түрде баяндауды ұсынды. Басқарма мәліметінше, түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram