ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2022 19:18
Президент Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды.
Смағұл Елубай өзінің "Ақ боз үй" романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу